
Қазақстанда киіктер төлдеп жатыр. Бұл туралы АШМ Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.
«Қазақстанда киіктердің төлдеуі басталды. Алғашқы құралайлар туды. Киіктерде «бэби-бум» мамырдың соңына дейін жалғасады. Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумағының қызметкері Арман Ізімғалиев далада киіктердің фельдшері секілді жұмыс жүргізеді», — деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.