jasqazaq.kz

Киік атқан браконьерлер ұсталды

10 наурыз 2020, 17:41

Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінде 4 киік атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері кезекті рейд жүргізген еді. Аталмыш шара барысында полицейлер Төретам кентінде Land Cruiser 80 көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан 4 киік, 2 асхана пышағы, 12 калибрлі мылтық пен 9 оқ тәркіленді. Көлік иесі мен ондағы азаматтар Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінің тұрғындары болып шықты. «Ұсталған адамдардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қалғанына бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Онда өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия