jasqazaq.kz

Киевтен қазақстандықтар мінген тағы бір автобус жолға шықты

03 наурыз 2022, 15:54

Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау жалғасып жатыр. 3 наурызда Киевтегі елшіліктен Қазақстан азаматтары мінген тағы бір автобус шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елшіліктің мәліметінше, автобуста 18 адам, оның ішінде төрт бала бар.

Жолаушылар Львов тас жолында халықаралық автобусқа ауысып, Польшаның Катовице қаласына дейін барады. Содан кейін олар Қазақстанға үшінші репатриациялық рейспен жөнелтіледі, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Катовицеден қанша қазақстандықтың ұшып келуді күтіп тұрғанын айтқан еді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі:

Украинадан отандастарды эвакуациялау басталғаннан бері Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі мекемелері 431 азаматты, оның ішінде Польшаға – 404 адамға, Молдоваға – 21 адамға, Венгрияға – 5, Словакиядан – 1 адамға шығуына көмек көрсетті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде