jasqazaq.kz

Киевте Украинадағы қазақтардың алғашқы құрылтайы өтті

27 мамыр 2021, 16:39

    Киевте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі  аясында Украинадағы қазақтардың алғашқы құрылтайы өтті.  Салтанатты шараны ұйымдастыруға Қазақстан Елшілігі мен қазақ диаспорасы ұйытқы болды. Іс-шараның басты мақсаты – Украинадағы қазақ диаспорасына қолдау көрсету.

Шетелде тұратын қазақтардың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға  жағдай жасау. Құрылтайға Украинаның түрлі аймақтарынан келген «қандастар», қазақ қауымдастығының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және Украинаның халық депутаттары қатысты. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев Киевте студенттерден құрылған альянс,  ақсақалдар кеңесімен басқа да бейресми ұйым құру туралы бастама көтерді.

Құрылтайда Украинаның этносаясат және ар-ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызметінің басшысы Олена Богдан,  Л.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Украинаның халық депутаты Сергей Нагорняк,  Киевтегі «Достық» қазақ мәдени қоғамының жетекшісі Данияр Егембердиев және  Харьков қалалық «Бірлік»  ұлттық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Макка Каражанова мен қазақ диаспорасының өкілдері Рүстем Жанғожа және Украинаның еңбек сіңірген әртісі Инеш Қыдыровалар өз ойын ортаға салды.

Атап айтқанда, Украинаның халық депутаты С.Нагорняк Қазақстанға бірнеше рет жасаған сапарында қазақ халқының басқа этностарға деген ыстық ықыласын сезінгендігін баса айтты. Ол: «Мен Қазақстанға келгенде, өз үйімде жүргендей сезінемін», — деп атап өтті.

Құрылтайға қатысушылар Қазақстандықтарға және әлемдегі барлық отандастарға, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған үндеу жолдады. Құжат Қазақстанда жүргізіліп жатқан  саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық реформаларға қолдау білдіріп, біртұтас ұлтты мәңгілікке біріктіретін тарихи Отанмен ажырамас рухани байланысқа баса назар аударатады. Жиын барысында қазақ және украин топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Украинаның еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз Инеш Кадырова Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындады. Димаш Құдайбергеннің украин тілінде орындаған «Дайдидау» әнін де жұртшылық қосыла шырқады. Сонымен қатар «Туған жер»  атты балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Елшілік Украинадағы «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысының Өңірлік кеңсесімен бірлесіп, құрылтай қатысушылары арасында Киев — Қазақстанның кез келген қаласы бағытында екі авиабилет пен басқа да бағалы сыйлықтар ұтысын өткізді.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия