jasqazaq.kz

Киев орталығында гранатометтан оқ атты (видео)

26 тамыз 2019, 10:45

Киев орталығында белгісіз біреулер «Мостобуд» компаниясының ғимаратына гранатометтан оқ атты, — деп хабарлайды «Информатор». 26 тамызға қараған түні ел астанасының әр жерінен естілген дүмпуден қала тұрғындары қатты шошыған.

Оқиға Паньковская көшесінің бойындағы ғимаратта болған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Оқиға 01:00-де болған. Басылым мәліметінше, «Мостобуд» компаниясына тиесілі ғимаратта жарылыс болған. Оқиға болған жерге қарама-қарсы бағытта оқ атылған тубус (қолдан жасалған гранатомет) табылған. Полицейлер мәліметінше, осы қарудан оқ атылған.

https://youtu.be/LymCQbchsYM

Снаряд ғимараттың төртінші қабатындағы терезеге тиген. Үшінші және бесінші қабаттағы терезелер де шағылған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Құқық қорғау органдары ғимаратта не бары туралы нақтылаудан бас тартты. Қазіргі уақытта Паньковской көшесінде жолдар жабылды. Оқиға орнында полиция, жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техниктер, кинологтар және жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, дәрігерлер мен құтқарушылар жүр.

https://youtu.be/AeOmTGGtxJ0

Құқық қорғау органдары екі адамды іздестіріп жатқаны анықталды. Олар белгісіз бағытта мопедпен ізім-ғайым жоғалған. Киевте «Сирена» жедел жоспары іске қосылды. 13 шілдеде Киевте екі адам гранатометтан «112 канал» орналасқан ғимаратқа оқ атқан. Шабуылдағандар оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер осы істе лаңкестік ретінде қарап жатыр. Украина заңы бойынша кінәлілер 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда