jasqazaq.kz

Киелі білім ошағына – 85 жыл

02 мамыр 2019, 10:26

Мерейлі төл мерекеңмен,

Құттықтауда тілшілер ақ-ниетпен

Білімнің бұлағына айналғайсың,

Елімнің білімді ұрпағымен!

85 жасың жырға толсын,

Шәкірттерің өзіңе қуат болсын.

Білім шыңын бағындырар ұрпақпенен

Гүлдене бер арайлап атқан әрбір таңменен!

Тарих толқынында өзінің жолымен жүріп келе жатқан, 85 жылдық тарихы бар киелі мекен, қара шаңырақ – Қазақ ұлттық университетіміздің биыл мерейлі төл мерекесі. Жарты ғасырдан астам уақыт межесінде ұясынан қаншама шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, биіктерге ұшыра білді. Білімді ұрпақ тәрбиелеуде әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген қанатты сөзін басты қағида етіп, біліммен қатар тәрбиені ұштастырып, өскелең жас ұрпаққа тура жол көрсетуде. Елімізге белгілі ұлт зиялылары киелі білім ошағында білімді ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп, білім беру ошағын гүлдендіре білген.

Осы күнде университетіміз әлемнің көптеген университеттерімен тәжірибе алмасу негізінде тағылымдамалық жұмыстарды жүйелі жүргізуде.

Университетіміздің түлектері бүгінде елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, қоғам қайраткерлері, көрнекті ақын-жазушылар. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — деген керемет нақыл сөздің иесі, белгілі жазушы М.О. Әуезов қара шаңырағымыздағы «Филология» факультетінің негізін қалаушы.

М.О. Әуезов негізін қалаған «Филология» факультеті осы күнде өз жұмысын жүйелі түрде жүргізуде. Қазіргі уақытта «Филология» факультеті «Филология және әлем тілдері» деген жаңа есіммен аталып, өз бағытын үлкен 6 тармақта қарастыруда. 6 тармағымыз факультеттің 6 кафедрасы. Бүгінде кафедралардың жұмысы өте жоғары деңгейде жасалынып жүргенін мақтанышпен айта аламыз. 2019 жыл қара шаңырағымыз үшін құтты жылдық бастаумен шымылдырығын ашуда.

Елімізге білімді, білікті, бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындауда өзіңнің үлесіңнің мол екендігін толықтай айта аламыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің киелі білім ошағын биылғы келіп жеткен мерейлі төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әрқашан жоғары өркендеп, шәкірттерін білім нәрімен сусындандырып, бүкіл әлем бойынша бәсекеге қабілетті ең үздік 30 университеттің қатарына еніп, мықты жетістіктерімен мақтанып, биік белестерді бағындыра бергей!

Жетекші: Мәмбетова М.Қ.

Магистрант: Мырзабек Б.М.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты