
JASQAZAQ газетінің №6 нөмірінде 2018 жылы елімізде киберспорт ресми спорт түріне еніп, даму үстінде деп жазғанбыз. Күні кеше Нұр-сұлтан қаласының Жекпе-жек сарайында (1хBet QAZAQSTAN Respublikasynyn KUBOGI финалы)өтті. Қазақстандық телевизия тарихында алғаш рет Atameken Business телеарнасы кибертурнир финалын тікелей эфирде көрсетті. Жүлде қорына1 500 000 теңге тігіліп, турнир жүлдегеріне киберспорт бойынша ҚР-ның спорт шебері және оған кандидат атағы берілді.
Турнир жеңімпаздары:
▪ Counter-Strike бойынша: Global Offensive — ON/gaming
▪ Dota 2 бойынша — Azimut
▪ FIFA 21 бойынша — Акназар aka_nolito Бексеитов
▪ eFootball PES 21 бойынша — Кабир Kake084 Добай
Киберспорт жайында толығырақ біздің газеттің №6 нөмірінен оқи аласыз!
Дереккөз: Qazaq CyberSport Federation
Бақытжан Аманболқызы