jasqazaq.kz

Құзырлы орган кезекті фейк-ақпаратты теріске шығарды

05 наурыз 2020, 11:55

Ақмола облысында 14 адам коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған болып шықты.

«WhatsApp-та Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге коронавирус жұқтыру күдігімен 14 адам жатқызылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген өңірлік Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Facebook-парақшасында. Ведомство қызметкерлері азаматтарға расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады. Өйткені,жалған ақпарат үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. «Жалған ақпараттың авторы анықталып, жазаға тартылады. Коронавирус инфекциясына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда ресми ақпарат көздері – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі немесе 1406 арқылы респбликалық call-орталыққа хабарласуға болады», — деп толықтырды ведомстводан.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия