jasqazaq.kz

Қызын арақ үшін сексуалдық құлдыққа сатқан (видео)

23 қазан 2019, 11:42

Ресейдің Орел қаласындағы ауруханаға «маугли қыз» ауыр халде жеткізілді. Ол еңбектеп жүреді, сөйлей алмайды және адамдар ортасында өмір сүруге бейімделмеген.

Кішкентай пациенттің жағдайын көрген дәрігерлердің барлығы шок болған. «Анасы ішімдік ішеді. Бұл қыз – оның сегізінші баласы. Оған дейінгі жеті баласын қамқоршылық органдары алып кеткен. Анасы осы баласын барынша жасырып ұстады. Үйде торға қамап ұстайтын. Ал бір жаққа шығу керек болса, зат салуға арналған дөңгелекті сөмкеге салып алып жүретін. Бір шөлмек арақ үшін қызын сексуалдық құлдыққа сататын», — дейді басылымға сұхбат беруші.
Құжаттар бойынша, қыздың есімі Диана. Ол Орлов ауданының Лука-Журавинки аулында тұрған. Бүгінде қыз 11 жаста. Алайда 5-7 жасар қызға ұқсайды.
Куәгерлер мен медицина мекемесіндегілердің сөзінше, ол төсек пен қасықтың не екенін де білмейді. Сонымен қатар ол сөйлесуді білмейді. Оның орнына дыбыстар арқылы тілдесуге тырысып, үріп, ұлиды екен.
«Ол үнемі еденге түсіп алып, бұрышта тығылып отырады. Асханалық құралдарды қолдана алмайды. Тамақ көрсе, бірден бас салып, тез-тез жұтып, кекіріп алып, қайтадан тамақтануға кіріседі. Мұндай көрініске жүйкесі жұқарғандар қарай да алмайды», — дейді куәгерлер.
Дәрігерлер қызға «тік ішегінің айналуы» деген диагноз қойыпты.
«Талдаулар нәтижесі қыздың жүдеп-жадағанын көрсетті. Қазіргі уақытта дәрігерлер оны қарап жатыр. мұнан әрі онымен психиатр жұмыс істейтін болады», — дейді дәрігер Людмила Крылова.
Ал журналистер көпбалалы ананың тұрып жатқан үйін видеоға түсіріп алған.

caravan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда