
Ақмола облысының Зеренді ауданында ер адам 6 жасар қызымен бірге суретке түспек болған кезде Үлгілі сарқырамасына құлап кетті. Абырой болғанда екеуі де зардап шекпеген.
Kokshetauasia в Instagram парақшасында Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырамасына ер адамның қызымен бірген құлағандағы бейнекөрінісі жарияланды. Жарияланымнан мәлім болғанындай, видео алдымен @eto_kokshetau_det тобынан тараған. Зеренді ауданы әкімдігінің хабарлауынша, суға құлағандар Көкшетау қаласының тұрғындары болып шықты. Ер адам 6 жасар қызымен бірге сарқыраманың жанында суретке түспек болғанда абайсызда суға құлап кеткен. Олардың жаға шығуына куәгерлер көмектескен. «Кеше 17 сәуір күні, сағат 16-35-те Зеренді аудандық ауруханасына жеңіл жарақаттарымен Көкшетау қаласында тұратын 2015 жылы туған бала түсті. Оны дәрігерлер тексеріп шығып, қажетті ем-дом жасаған. Аруханаға жатқызуға ешқандай негіз жоқ болғандықтан бала үйіне жіберілді»,-делінген ведомство хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚазАқпарат