jasqazaq.kz

Қызымен анасын айуандықпен өлтірген қаскөй сотталды

16 қараша 2019, 15:25

Петропавлда екі адамды айуандықпен өлтірген қаскөй 21 жылға сотталды.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұған дейінгі сот отырысында прокурор 39 жастағы Айнагүл мен 3 жастағы қызы Әминаның өмірін қиған Игорь Дементьевті өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда судья сотталушының өз кінәсін бірден мойындағанын алға тартып, жеңілірек жаза кесті. Аса қатігездікпен жасалған қылмысқа қатысты шешімді марқұмның туыстары құптамайды. Олар сотқа қайта шағым қалдырмақ. Себебі, жантәсілім еткен адамның біреуі – бүлдіршін.

«Екі адамның өмір қиған қылмыскерді 21 жылға соттау – күлкілі. Оның сыртында кәмелет жасына толмаған бір бала жетім қалды. Мұндай масқара тек қана біздің елде ғана бар шығар? Айтарға сөзім жоқ», — деді марқұмның туысы Айжан Тоқаева.

Қаскөй анасы мен қызына күш көрсетіп қана қоймай, есін жиғызбастан пышақ сілтегенін ашық мойындап отыр. Көптің жағасын ұстатқан қанды оқиға тамыз айында Мамлют ауданында болды. Қора ішінен азаптап өлтірілген анасы мен қызының денесі табылып, оған басты күдікті ретінде 25 жастағы Игорь Дементьев ұсталған болатын.

Тергеу материалдарына сүйенсек, Игорь Дементьев азаматтық некеде болған келіншек пен оның бөбегін алдымен бөренемен ұрып, артынан пышақтаған. Сотталушының адвокаты оның пышақ қолданғанын екеуін де «жанын қинамай өлтіргісі келген» деп түсіндірді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда