jasqazaq.kz

Қызым деп жүргені, басқаның қызы болып шықты

27 маусым 2018, 12:28

Қостанай қалалық сотында отбасылық драма. Бірнеше жылдан кейін күйеуі қызының туған әкесі болмай шыққанын білген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Істің материалына сәйкес, күйеуі мен әйелі 2012 жылдан 2015 жылға дейін заңды некеде тұрған. Некеде олардың ортақ қызы дүниеге келген. Ажырасқаннан кейін, күйеуі ай сайын айыпталушының қызына алимент төлеп, өзіне міндет алады. Екеуі ажырасып кетсе де, әкесі қызымен көрісіп, демалыс күндері баланы алып кетіп отыратын. «2017 жылдың желтоқсан айында сотталушы үйленетінін айтып, әкесі баланы тастап кетуін сұрайды. Нәтижесінде, шағымданушы өзінің туған баласы екеніне күмән тудырып, айыпталушыдан өз еркімен ДНҚ тапсыруды талап еткен. Зерттеудің қорытындысы бойынша, қыздың әкесі басқа ер адам болып шықты. Сарапшының қорытындысы мен айыпталушының бұл қылығы тек шағымданушыға ғана емес, балаға бауыр басып қалған жігіттің ата-анасына да соққы болды», — деп түсіндірді сот. Ер адам айыпталушыдан алимент төлеу туралы міндеттемеден босатуды және туған әкесі деген тізімнен алып тастап, 352 121 теңге сомасында ақша қайтаруды талап етті. Ақыры бұл іс медиация арқылы шешілді. Нәтижесінде сот айыпталушыға 502 000 теңге көлеміндегі ақшаны шағымданушыға қайтарсын деп шешім шығарды. Сот шешімі бойынша тараптар арасында жасалған медиация туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді