jasqazaq.kz

Қызылжарда тағы да жылу құбыры жарылды (видео)

18 қазан 2017, 22:19

Қызылжарда жерасты жылу магистралі жарылды. Төтенше жағдайдың себебін жылуға жауаптылар бірнеше сағат бойы іздеп, әуреге түсті. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады. 

Маңайдағы тұрғын үйлер уақытша өзге магистральден жылуға қосылды. Энергетиктер жөндеу жұмыстары кешке дейін аяқталады, деп сендірді. Жылу жүйелеріндегі апат қазан айында екінші рет тіркеліп отыр. Осыған дейін де жоғары қысымға шыдас бермей құбыр жарылып, жол ортасында ірі шұңқыр пайда болды. Жалпы, Петропавлдағы жылу жүйелерінің 70 пайызы әбден тозған. Оларды жөндеуге 12,5 миллиард теңге бағытталмақ. Қомақты қаржының басым бөлігін республикалық бюджет пен Еуропа даму және қайта құру банкі бөледі.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде