jasqazaq.kz

Қызылжарда қала көшелерінде мылтықпен жүрген ер адам ұсталды (Видео)

03 тамыз 2021, 21:21

Қызылжарда ер адам ішімдікке тойып алып, қала көшелерінде мылтықпен жүрген. Набережный көшесінің бойында келе жатқан жігіттің ұзын сөмкесі полицейлерге күмән туғызады. Оны бейнекамерадан байқап қалған тәртіп сақшылары тез арада тоқтатып, тінту жүргізген. Нәтижесінде қала тұрғынынан жетінші калибрлі мылтық табылды. Мұндай қару екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көп қолданылған. 29 жасар жігіт оны қаладағы саяжайлардың бірінен тапқанын айтады. Полиция бөліміне қаруды тапсыруға бара жатыр едім деп ақталған.

КҮДІКТІ:

Арнайы қағазбен татын кетіріп, тазалап алдым. Бір айдан соң – оны Бірінші полиция бөліміне апарып, тапсырмақшы болдым. Жол-жөнекей орап алмақшы болып, әпкемнің үйіне кірдім. Шыға берісте тәртіп сақшылары күтіп алды.

Тимур ӘБДІЛМАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЖЕДЕЛ КРИМИНАЛИСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл тұрғынынан иір ұңғылы атыс қаруы – калибрі 7,62-де 54 мм-лі 1944 жылғы үлгідегі карабин тәркіленді. Аталған карабинді баллистикалық зерттеуден өткізу үшін ол Жедел-криминалистикалық басқармасының зертханасына жіберілді. Оның бекіткіш тетігі болмады. Сәйкес бекіткіш таңдалып алынып, қарудан оқ атылады. Оқтары ҚР Ішкі істер министрлігіне жіберіліп, оның қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

astanatv.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия