jasqazaq.kz

Қызылжар өңірінде нәрестелердің өлімі 25 пайызға өскен

28 ақпан 2019, 11:31

Қызылжар өңірінде нәресте өлімі 25 пайызға өскен. Бұл жайында денсаулық сақтау басқармасының мамандары хабарлады. 2017 жылы аймақта бір жасқа дейінгі 67 нәресте шетінеп кетсе, былтыр бұл көрсеткіш 77-ге жетті. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Мамандар олардың басым бөлігі мерзімінен ерте туған сәбилер деп отыр. Перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Маутова сәбилердің өлімін әйелдердің арасында түсік жасатудың көбейгенімен байланыстырады. Былтыр үш мыңға жуық әйел хирургиялық жолмен баласын алғызып тастаған.

Жанна МАУТОВА, СҚО ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Солтүстік Қазақстан облысында әрбір екінші-үшінші әйел хирургиялық жолмен немесе дәрі ішу арқылы түсік жасатады. Салдарынан олар көбіне мерзімінен бұрын туады. 2018 жылы перинаталдық орталықта қайтыс болған нәрестелердің біреуі ғана мерзіміне жетіп туған. Қалғандарының салмағы 1.5 келіден аспайды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда