jasqazaq.kz

“Қызылжар мен Ертіс атауын қайтарыңыздар!”

18 желтоқсан 2020, 12:40

Алматыда «Намыс» жастар қозғалысының белсенділері Тәуелсіздік алаңына барып, Желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етті. Бұл туралы jasqazaq.kz хабарлайды.

Ұйым белсенділері шейіт кеткен боздақтарға құран бағыштады. Сонымен бірге Қазақстан территориясына көз алартқан ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Жириновский, Никонов, Лимонов сынды дарынсыз саясаткерлер бүлік шығарғысы келіп, өздерінің сауатсыздығын көрсетті. Қазақтың намысына тиіп сайқымазақ болды. Олар кітап бетін ашып, аз да болса тарихқа үңілсе кімнің кім екенін білетін еді. Қазақтың намысты жастары барда олардың көздегені бола қоймайды», – деді қозғалыс басшысы Азамат Жолданбай.

Осы ретте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үн қатқан ұйым белсенділері билікке шарт қойды. Олардың атап өткеніндей ресейлік саясаткерсымақтардың сауатсыз мәлімдемесін жауапсыз қалдыруға болмайды.

Жастар “Ресей империясынан қалған Павлодар, Петропавл деген атаулар жойылып, қалаларға қазақи атау берілуін” талап етті.

“Олар тарихты зерттеп, оқып, ой түйгені абзал. Тарих беттеріне үңілсек Ресей түгілі, шекаралас елдерде қазақтар, яғни, біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген, Қазақи атау арқалайтын қалалар көп. Бұл ақиқат!

Осы ретте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үндеу. Осындай сайқымазақ саясаткерлердің тірліктеріне қашанғы бейжай отыра бересіздер? Сөзбен емес, қағазбен емес, ІСПЕН дәлелдейтін кез келді ғой.

Ресей империясынан қалған Павлодар, Петропавл деген атаулар жойылсын, қалаларға қазақи атау берілсін! Солтүстік аймақтарда Қазақ тілі үстемдік жасасын!

Қазақтар ҚЫЗЫЛЖАР және ЕРТІС деген атауды пайдаланған. Сол атаулар қайтарылсын”, – деді «Намыс» жастар қозғалысының белсенділері.

Жастар бұл талап орындалмаса Солтүстік Қазақстанға барып митинг өткізетіндерін айтты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия