jasqazaq.kz

Қызылшаға қарсы вакцинация жүргізіледі

29 наурыз 2019, 13:47

Қазақстанда 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы вакцинация жүргізіледі. «Қазіргі таңда Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітпейді.

Сондықтан, бүгінгі таңда біздің қызметкерлеріміз алдын алу жұмыстарына баса назар аударып отыр. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде 4670 жағдай тіркелді. Оның ішінде балалардың қызылшаға шалдығуы 71 пайызды құрайды. Соңғы аптада елімізде 450 жағдай тіркелді», — дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы — ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қызылша көбінесе бес өңірде тіркеліп жатыр. «Жалпы, қызылша барлық өңірлерде тіркеліп жатқанын атап өтуім керек. Ал бес өңірде өршу байқалады. Ең біріншіден, Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылы 1342 жағдай тіркелсе, Алматыда 84 жағдай, Шымкентте 700-ден астам жағдай тіркелді. Сол секілді Ақмола және Түркістан облыстарында осыған ұқсас жағдай. Сырқаттану көбінесе қызылшаға қарсы егілмеген балалардың арасында тіркеледі», — дейді ол. Жандарбек Бекшин атап өткендей, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда жоғары тәуекел тобындағы адамдарға қызылшаға қарсы вакцинация жүргізіледі. «Оның басты мақсаты — халық арасындағы иммунитет деңгейін көтеріп, қызылша ауруының тіркелуін тоқтату. Сондықтан, қазір вакцинацияға үш тәуекел топтарын енгіздік. Оның ішінде бірінші осы топқа енетіндер — 1 жастан кіші балалар. Яғни, 9 айдан бастап балаларға вакцина егіледі. Бұрын егілмеген, қызылшамен ауырмаған, 5 немесе одан да көп жыл бұрын тек бір екпе алғандарға да вакцинация жүргізіледі. Яғни, олар — 30 жасқа дейінгі азаматтар. Үшіншіден, медицина қызметкерлері. Себебі, баршамызға мәлім, бұл топтағы адамдардың аурулардың арасында жұмыс істейді», — деді Жандарбек Бекшин.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда