jasqazaq.kz

Қызылордалық полицейлер Алматыда автосалоннан ұрланған көлікті тапты

11 желтоқсан 2020, 11:01

Қызылордалық полицейлер облыс аумағында Алматы қаласындағы автосалоннан көлікті айдап кеткен азаматты ұстады.

Облыстық полиция департаментіне алматылық әріптестерінен белгісіз азаматтың Алматы қаласындағы автосалоннан құны 13 миллион теңге тұратын автокөлікті заңсыз иемденгені туралы ақпарат келіп түскен болатын. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы басталған. Тергеу барысында аталған автокөліктің Қызылорда облысы аумағынан өтіп бара жатқандығы анықталды. «Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция басқармасы бұл іс бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментіне дереу бағыт-бағдар берді. Сол бойынша қызылордалық полицейлер іздеу жұмыстарына кірісті. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Самара-Шымкент» тасжолының 1803 шақырымы тұсында орналасқан жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенінің алдында көрсетілген сипаттамаға сәйкес келетін көлікті байқайды. Көлік жүргізушісі оны сатып алғандығын айтады. Алайда, полицейлер тексеру барысында көліктің ұрланғанына көз жеткізді», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті. Бұл оқиға бойынша Қызылорда облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары — Мақсат Нарманов, Жомарт Байбол және Бек Дүйсенбаев қырағылық танытты.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия