jasqazaq.kz

Қызылордалық компания 370 млн теңгеге жалған шот-фактура жазып берген

08 шiлде 2022, 10:21

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірнеше заңды тұлғамен заңсыз мәміле жасап, нақты орындалмаған жұмыс үшін 2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактура жазумен айналысқан «Жетіашар» ЖШС-нің әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания бірнеше кәсіпкерлік нысанға салықтан жалтару мақсатында әртүрлі тауарларға есеп айырысқаны жөнінде қосымша құн салығы көрсетілген жалған шот-фактура жазып берген. Оның айналым сомасы 370 млн теңгеге жеткен. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекетке төленбеген салық түрінде 118 млн теңге көлемінде залал келгенін көрсетті. Сот үкімімен серіктестік басшысы Избасар Айбек кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық