
«12 желтоқсанда сағат 21:50 шамасында Қызылордада «102» арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында, азаматшаның қаза болғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.