jasqazaq.kz

Қызылордада жол апатынан жүргізуші көлікте қысылып қалды

19 қыркүйек 2022, 15:39

Қызылордада құтқарушылар жол-көлік оқиғасынан көлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 19 қыркүйекте сағат 7.22 шамасында болған. Сол уақытта 112 құтқару қызметіне шақырту келіп түсті. Онда Қызылорда қаласындағы Е. Көшербаев пен Жалаңтөс баһадүр көшелерінің қиылысында «Toyota» және «Opel» маркалы автокөліктері соқтығысуы салдарынан көлік ішінде адамның қыстырылып қалғаны айтылған.

«Шақырту бойынша жедел құтқару жасағының мамандары жағдайды анықтағанда «Opel» маркалы автокөліктің 1980 жылғы жүргізуішісінің қыстырылып қалғаны белгілі болды. Мамандар гидравликалық құралдарды пайдаланып, азаматты автокөліктен шығарды. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», — деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық