jasqazaq.kz

Қызылордада жоғары лауазымды полицей ұсталды

08 қазан 2020, 13:34

Қызылордада жоғары лауазымды полицей ұсталды, — деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

5 қазанда ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қызылорда облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп арнайы іс-шараларды өткізу барысында басқарма басшысы мен оның қоластындағы адамды ұстады.

Дереккөз мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілерге қатысты кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот шығарады дейді полициядағылар.

«Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қызметтік тергеу нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Полиция қызметкерлері арасында заңсыз әрекеттердің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Мұндай қасақана құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлер жұмыстан босатылғанға дейін қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің қатарымызда орын жоқ», — деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді