
Қызылордада жоғалып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласты. Онда кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің 3 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып, содан қайта оралмағаны жөнінде айтылған. «Жоғалған баланы іздеу үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскеге бағыт-бағдар берді. Адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді. Іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала қала орталығынан табылды», — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.