jasqazaq.kz

Қызылордада жер үшін таласқандар оқ атты (видео)

14 қазан 2020, 11:35

Қызылорда облысында кәсіпкер мен тұрғындар арасында дау шығып, арты қайғылы аяқтала жаздады. Бір-біріне қару кезеніп, жұдырық ала жүгірген қос тараптың әрекетін куәгерлер камераға түсіріп алыпты. Қолына автомат ұстаған күзетшілер мен оларға қарсы ұмтылған жандардың балағат сөздер айтып, тіпті кейбіреуі комбайнның алдына шығып алғанын көруге болады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Бұл кадрларға қарап, атыс-шабыс фильмінің түсірілімі дерсіз. Бірақ бұл Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Тоқмағамбетов атындағы ауылда болған оқиға!

Бұл жанжал көктемде басталған. Мемлекетттен 49 жылға жалға алған жердің 105 гектарына күріш еккен шаруа қожалығына демеуші болған жеке кәсіпкер дәнді дақылды жинауға келгенде табысты ешкіммен бөліспеуді жөн көріпті. Ол миллиондап ақша құйған істен түскен қаражатты тек өзім иемденуім керек деп шешкен. Бұған шамданған тұрғындар комбайнның алдына жатып, жылқымен техниканың жолын бөгеді.

Біз осы елдімекен қарайтын Сырдария ауданы әкімдігіне хабарласқан едік. Белгілі болғандай, бұл дауға өңір әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың өзі араласыпты. Қос тарап арасындағы мәселе бейбіт шешіліп, демеуші кәсіпкер шаруа қожалығына күрішті жинап алуға өз келісімін берген.

Бақытжан Лекеров, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары:

«Сол ауылдың тыныштығы, сол ауылдың саяи ахуалын сақтау мақсатында бір кәсіпкер екінші кәсіпкерге егінді жинап алуға келісімін берген болатын. Бүгінгі күні егін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Осы 2-3 күнде егін толық жиналып болады».
Әзірге оқыс жайттан қанша адамның жараланғаны және нақты кімнің қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны белгісіз.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық