jasqazaq.kz

Қызылордада «жер алып беремін» деп жұртты алдаған азамат ұсталды

17 сәуiр 2018, 11:14

Қызылордада «тұрғын үй салуға жер алып беремін» деген желеумен 8 облыс тұрғынының сеніміне кіріп, жалпы сомасы 557 500 теңгені құрайтын ақшаларын алаяқтық жолмен иемденген азамат ұсталды, деп хабарлайды Today.kz Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 жәбірленуші де ішкі істер органдарына 2017 жыл көлемінде шағымданған. Жәбірленушілердің шағымы негізінде күдіктінің жеке басы анықталып, 29 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны екендігі белгілі болды.

Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімімен алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. Тергеу жұмыстары барысында күдікті ең алғаш 2016 жылдың тамыз айында аудан тұрғынын жер алып, үй құжаттарын дұрыстап беруге көмектесетініне сендіріп, қызметін 93 мың теңгеге бағалаған. Алайда ақшасын иеменгеннен кейін уәдесін орындамай, қашып кетеді. Бұл әрекетімен тоқтамай, 2017 жыл көлемінде ауданның басқа тұрғындарына өз қызметін ұсынып, біріне жер алып бере алатындығын, енді біріне әскери билет жасап бере алатындығын айтып сендірген. Нәтижесінде бірінің 182 мың теңгесін, енді бірінің 83 мың, 70 мың, 35 мың, 20 мың теңге көлеміндегі ақшаларын алдау жолымен заңсыз иемденген.

Жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізіліп, күдіктінің кінәсі толық дәлелденіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағы негізінде кінәлі деп танылып, сот шешімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді