
Қызылордада рейдтік іс-шаралар өткізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. 11 қараша күні рейдтік іс-шаралар өткізу барысында облыс орталығындағы сауналардың бірінің меңгерушісінің пайдакүнемдік мақсатта сауна клиенттеріне жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Polisia.kz