jasqazaq.kz

Қызылордада жазасын өтеуші өзіне қол жұмсады

07 желтоқсан 2021, 13:33

Қызылорда облысындағы ҚАЖД (Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) аралас күзет мекемесінде сотталушы өзіне қол жұмсады.

Қайғылы оқиға биыл 2 желтоқсанында болған.

Ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және облыстық ІІД басшылығы барғаны айтылған.

«Бейнебақылау камераларының материалдары зерттеліп, басқа сотталғандармен әңгіме жүргізілді. Алғашқы тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекеттер дерегі анықталған жоқ», — делінген хабарламада.

Сотталған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша жазасын өтеп жатқан.

«Айта кететін жайт, сотталушы мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде «суицидке бейім» ретінде тіркелген, сонымен қатар оған «Органикалық галлюциноз» диагнозы қойылған», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта соталды тергеу жүріп жатыр, қызметтік тексеру тағайындалған.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде