jasqazaq.kz

Қызылордада жануарлардан зардап шеккен 290 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді

05 сәуiр 2022, 15:28

Қызылорда облысында жыл басынан бері әртүрлі жануарлардан зардап шеккен 290 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл өңірде жыл басынан бері аса қауіпті құтырма ауруына шалдығу дерегі тіркелген жоқ. Алайда әртүрлі жануарлардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейлеуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 290 адам жүгінген, Былтырғы жылдың дәл осындай мерзімімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 20,5 пайызға төмендеген.

«Жарақат алғандардың басым көпшілігін қала тұрғындары құрайды. Олардың 90 пайыздан астамы иттен алған зақымдану құрайды. Жануарлардан зардап шеккендердің барлығына толықтай қауіпті құтырма ауруына қарсы егу тағайындалды. Жануарлардан жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген әрбір адамның тиісті антирабиялық егумен қамтылуына қалалық және барлық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен апта сайын мониторинг жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде