jasqazaq.kz

Қызылордада жалған куәлік арқылы несие алған алаяқ сотталды

02 наурыз 2020, 10:22

Қызылордада жалған жеке куәлік арқылы несие алып, алаяқтық жасаған адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алаяқтық жасаған жігіт жалған куәлікті Алматы қаласында жасатқан. Басқа азаматтың атына рәсімделген куәлік үшін ол 20 мың теңге санап берген. Бұдан кейін Қызылорда қаласына келген. Банктердің бірінің жергілікті филиалынан жалған несие жасауға ниеттенеді. Осылайша банк қызметкерін алдап, несие алған. Оның жалпы көлемі 4 млн 874 мың теңгені құрады. Алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған. «Нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша банк филиалына 4 елеулі көлемде мүліктік зиян келген. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп мәлім етті Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия