jasqazaq.kz

Қызылордада үшем дүниеге келді

10 маусым 2020, 9:57

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді. Қазалы ауданына қарасты Ү.Түктібаев ауылының тұрғыны Әйгерім Махамбетжанова Айғант, Айғаным және Асылым есімді үш қызды өмірге әкелді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәрестелердің салмағы 1300-1700 граммды құраған. Ал бойлары 38-41 сантиметр аралығында болды. Қуаныш Алтынбаев пен Әйгерім Махамбетжанованың бұдан бұрын бес перзенті бар болатын. Осылайша олар енді сегіз баланың ата-анасы атанды.

«Қыздарымның аман-есен дүниеге келуіне дәрігерлер қолайлы жағдай жасады. Осы ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына, облыстық «Ана мен бала» орталығының қызметкерлеріне алғысымды білдіремін», — деді үшемнің әкесі.

Нәрестелер жедел жәрдем санитарлық автокөлігімен Қазалы ауданы Түктібаев ауылына жеткізілді. Облыстық перинаталдық орталығында биыл жыл басынан 4505 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 75 егіз, 2 үшем дүние есігін ашты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде