jasqazaq.kz

Қызылордада үш адамды атып өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды (Видео)

11 мамыр 2022, 12:02

Қызылордада адам өліміне қатысы бар алты күдікті ұсталып, төртеуіне іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамырда Қызылорда қаласында орын алған атыс қаруынан үш азаматтың қайтыс болу дерегіне байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланды.

– Оқиға болған жерді тексеру барысында және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрілер, есірткі және жеті автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалары тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша – 2, бұзақылық бойынша – 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді, – деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Қазіргі таңда, қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр