
Қызылордада қатты желдің әсерінен «Болашақ» университетінің ескі ғимаратының шатыры ұшып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Төтенше оқиға Қызылорда қаласында бүгін, 24 наурыз, сағат 12:00 шамасында орын алған. Қатты желдің салдарынан Абай даңғылы №31 «А» мекен-жайда орналасқан «Болашақ» университетінің шатыры ұшқан. Оның көлемі 300шаршы метрді құрайды. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен — 12 адам, 2 техника, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан — 1 техника, 3 адам келді», — деп мәлім етті облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.
https://youtu.be/OBUA17ctpmY