jasqazaq.kz

Қызылордада тұрғын үйден көне қылыш табылды

24 маусым 2018, 16:22

Қызылорда облысы Шиелі ауданының орталығында көне заманнан сыр шертетін қылыш табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан орталығы тұрғынының бірі өз ауласына құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы техника шақыртады. Техникамен жерді қазу барысында үш метрдей жерден қылыш үлгісіндегі жәдігер табылады. Қылыш жартылай шіріген күйде екен. Тарихи құндылықты бағалай білген азамат дереу аудандық өлкетану музейінің директоры Өсербек Төребайды шақыртады. Мамандардың айтуынша, бұл жайында әзірге толық жорамал жасауға ертерек. «Мұндай жәдігерлер толық тексеруден өтеді. Содан кейін ғана нақты шешім қабылдай аламыз. Әзірге бұл бағытта сараптама жұмысын жүргізетін боламыз»,- дейді Ө.Төребай. Қылыштың жасалу мерзімі 2-3 ғасырға созылуы мүмкін. Одан да арғы кезеңді қамтуы да ғажап емес.

Тарихи жәдігерлерді зерделеп жүретін жергілікті журналист Нұрболат Пірімбеттің айтуынша, қылыш қазақтың ескі соғыс қаруының бірі болуы ықтимал. Зерттеушілер оны мексикалық мачетеге өте ұқсас екенін айтады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді