jasqazaq.kz

Қызылордада тұмауға шалдыққандар саны артты

22 қантар 2020, 19:33

Қызылордада өткен жылдың эпидмаусымымен салыстырғанда биыл тұмауға шалдыққан 12 пайызға артқан.Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлайды.

Бүгінгі таңда облыста жедел респираторлы вирусты инфекциясының 5872 жағдайы есепке алынған. Бұл көрсеткіш былтырғы 1 қазан мен биылғы 9 қаңтар аралығын қамтиды. Ауруға шалдыққан тұрғындардың басым бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Олардың жалпы саны 4235 адамға жетті, ол 72,4 пайызға жуық. Ал 16,7 пайызы 1 жасқа дейінгі еншісінде.

«Тұмау ауруының алдын алу мақсатында 2019-2020 жылдардағы эпидмаусымына 80 мың доза вакцина сатып алынған. Бүгінгі таңда 78199 адам екпе қабылдады. Ол егілуге жататын контингенттің 100 пайызын құрайды. Жұмыс берушілер есебінен де вакцинациялау қарқынды жүргізілуде. Аурудың алдын алу, эпидемиологиялық ахуалды күрделендірмеу бағытында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап тұрғындар арасында түсіндірме жүргізілуде»,- деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Идрисова.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада талапқа сай емес тағам өнімдері анықталғанын хабарлаған едік.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде