jasqazaq.kz

Қызылордада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктерін талқылады

12 қараша 2018, 12:10

Мемлекеттік органдардың бейінді қызметі автоматтандырылуда, алайда осы күнге дейін ақпараттандыруды қамтымаған салалар да бар. Жаңа технологиялардың пайда болуы болашақта жоғары сапалы қызмет түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, цифрлық технологияларды қолдану халық қажеттіліктерін саралаудың жаңа тәсілін анықтауға, қызмет сапасын жетілдіруге әкеледі.

Электронды үкімет қаншалықты автоматтандырылған, блокчейн технологиясын мемлекеттік қызметте қалай қолдануға болатыны туралы «QDigitalInform» семинары аясында «ҰАТ» АҚ Қызылорда облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Талант Нұрымов түсіндіріп өтті. Аталмыш шара Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қорының ұйымдастырыуымен 7-8 қараша күні болып өтті.

Семинар қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Семинардың басты міндеттерінің бірі – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы халыққа түсіндіріп өту. Себебі, өнеркәсіп саласын цифрландыру үдерісі отандық кәсіпорындарға заманауи жоғары технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Осылайша қазақстандық өнеркәсіптің әлемдік компаниялардан үдемелі қалып қою мәселесін шешеміз», -дейді ұйымдастырушылар.

Шара «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, салалық мамандардың, студенттердің, IT саласының қызметкерлері мен ЖОО оқытушыларының қатысуымен жүзеге асты.

Анықтама үшін:

«QDigitalInform» — қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері) қатысады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде