jasqazaq.kz

Қызылордада төрт жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

26 сәуiр 2022, 14:38

Қызылордада көпқабатты үйдің үшінші қабатынан төрт жастағы бала құлап кетті. Оқиға Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Негізінен мұндай жағдай баланың қадағалаусыз қалуынан болады. Салдарынан былтыр 10 бала терезе және балконнан құлап кеткен. Оның 2-еуі көз жұмды. Биыл мұндай бір жағдай тіркеліп отыр. Мұндайла оқиғаның туындауына ата-ананың баланы бақылаусыз қалдыруы, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы себеп. Кейбір азаматтар балалардың терезе алдында ойнауына назар аудара бермейді», — деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Ведомство мәліметінше, қаладағы көпбалалы және жалғызбасты 7 отбасыға 10 шектеу құрылғысы (блокиратор) орнатылды. Оған «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалы демеушілік көрсетті.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр