jasqazaq.kz

Қызылордада суға батып кеткен екі жігіттің мәйіті табылды

18 шiлде 2020, 12:11

Қызылорда қаласында суға батып кеткен екі жігіттің мәйіті табылды.

Естеріңізге сала кетелік, оқиға кеше елорда уақытымен 22.10 шамасында тіркелді. Облыс орталығындағы «ПМК-29» саяжай аумағындағы Қалғандария көлінде екі жігіт рұқсат етілмеген аумақта суға шомылған. Түнгі уақыттағы іздестіру шарасына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман жұмылдырылып, 5 техника мен 3 қайық пайдаланылды. Оқиға орнына облыстық Полиция департаментінің мамандары да келді.

«Іздестіру 2.00 шамасында тоқтатылып, ол таңғы 6.00 шамасында қайта жалғасты. Нәтижесінде 8.40-та 23 жастағы жігіттің мәйіті табылса, 9.24-те 22 жастағы жігіттің жансыз денесі жағаға шығарылды. Олардың мәйіті жағадан 30 метрдей қашықтықта 3 метр тереңдіктен табылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 20 адам суға кетті. Оның 8-і – бала.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық