jasqazaq.kz

Қызылордада Ресейге жол тартқан жүк көлігінде мақта өртенді

23 қантар 2020, 19:28

Қызылорда облысында Ресей астанасы — Мәскеу қаласына мақта алып бара жатқан жүк көлігі өртенді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл оқиға Қызылорда қаласына қарасты ПМК-66 саяжайы аумағындағы «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тасжолы аумағында болды. Қырғызстаннан Ресейге жол тартып бара жатқан «Renault Magnum» маркалы жүк көлігінде 94 пресстелген мақта жанып жатқаны жөнінде «112» құтқару қызметіне хабар түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті. Нәтижесінде олардың жылдам қимылының нәтижесінде 47 дана пресстелген мақта аман сақталды.

Өрт оқиғасы 34 минутта оқшауланып, толығымен сөндірілді.

«Төтенше оқиғаға №4 Өрт сөндіру бөлімінен 9 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», — деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде