jasqazaq.kz

Қызылордада полицей қайын әпкесін пышақтап тастады

17 қараша 2018, 20:32

Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметшісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызылордада ішімдікке тойып алып әйелінің әпкесін өлтірген полицейге қатысты сот аяқталды. «Алдымен сотталушы әйелімен сөзге келіп, оны соққыға жығады. Sputniknews.kz хабарлағандай, күйеуіне ренжіген әйел әпкесіне барып, болған жағдайды айтып берген», — деп хабарлады Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мамандары. Марқұм жағдайды ретке келтіру үшін күйеу баласымен сөйлеспек болады. Ол сотталушыдан әйелін не үшін ұрғанын сұрап, оның үстінен құқық қорғау органдарына арыз жазғанын және алдағы уақытта күйеу баласының жұмысына барып, басшылыққа отбасында болып жатқан жайсыз жағдайларды жеткізетінін айтып қорқытады. «Бірақ бұл уақытта сотталушы мас болған. Ол қолына пышақ алып, қайын әпкесінің кеудесіне сұғып алады», — деп хабарлады соттағылар. Әйел есін жимаған күйі ауруханада көз жұмды. Қылмыскер сот алдында жауап берді. Қызылорда облысында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ол ҚР ҚК 99-баптың 1-бөлігі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді. Бұдан өзге ер адам полиция аға лейтенанты шенінен айырылып, жәбірленуші тарапқа екі миллион теңге (шамамен 5,4 мың доллар) көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде