jasqazaq.kz

Қызылордада пара алған полицей қолға түсті

20 сәуiр 2020, 14:17

Қызылордада полиция департаментінің пара алған қызметкері қолға түсті.

Қызылорда облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлер арасында жемқорлықты болдырмау және заңдылықты сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізді. Аталған шара барысында департаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі пара алғаны үшін ұсталды.

«Бүгінгі таңда оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша (пара алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның барысында күдіктінің жасаған іс-әрекетіне сәйкес заңда белгіленген тәртіппен тиісті құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесінде өзге ақпараттар жариялануға жатпайды. Полицияда погондарына кір келтірмейтін, адал және жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлер жұмыс істеуі тиіс», — деп атап өтті Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

ҚазАқпарат

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова