jasqazaq.kz

Қызылордада Microsoft академиясы ашылады

18 қазан 2017, 18:07

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында «Майкрософт академиясы» мен инновациялық инжиниринг орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. «Сәуір айында Microsoft компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум бекіттік және шілде айынан бастап, онлайн-оқыту арқылы заманауи инженерлік-компьютерлік технологияларды қолданатын біліктілігі жоғары мамандарды дайындауды бастадық. Бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында «Майкрософт академиясын» құру туралы уағдаластық», — деді өңір басшысы. Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта облыста Machinе-Learning технологиясы арқылы күріш алқабының шығымын болжап, су тасқыны жағдайларын модельдеу бағыттары қолға алынды. Machinе-Learning — әлемде кеңінен қолданылатын Microsoft компаниясының өнімі. «Одан бөлек, ЭКСПО аумағын қолдана отырып, Мәскеу болат және қорытпалар институтымен Қызылордада машина құрастыру, 3-D принтерінің көмегімен түйіндер мен детальдар өндіруге бағытталған мәскеулік ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығының баламасын құру жөнінде келіссөздер жүргіздік», — деп толықтырды Қ. Көшербаев. Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінде Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің Қызылорда өңірінде орындалу барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Басқосуда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде