jasqazaq.kz

Қызылордада көктайғақтан 121 адам жарақат алған

01 ақпан 2019, 15:45


 Қызылордада құбылмалы ауа райы әлі де сақталып, жаңбыр соңы көктайғаққа ұласуда.
Соның салдарынан қалалық аурухананың травматологиялық бөліміне түрлі дене жарақатымен 121 адам түскен.

BAQ.KZ. жазғандай, ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік апаттары да жиілеп кетті. №31 бағыттағы шағын автобус көк мұздан тайып, аударылып қалған. Оның ішінде болған 15 жолаушының 14-і дәрігер қарауынан кейін үйлеріне қайтарылса, біреуі ауруханаға жатқызылды.
Жалпы бірер күнде облыс бойынша 17 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам ауруханаға түскен. Ал қала көшелерін мұздан тазалауға бір ауысымда 12 техника мен 135 адам жұмылдырылды. 180 тонна құм мен тұз аралас қоспа себілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда