jasqazaq.kz

Қызылордада көкнәр мен қарасора өсірілген жылыжай анықталды

17 ақпан 2022, 14:51

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4 ақпанда Қызылордада көкнәр мен қарасора өсірілген жылыжайды тапты. Аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен Қызылорда қаласының 3 азаматы ұсталған, деп хабарлайды Stan.kz.

«Процессуалды шаралар нәтижесінде 24 түп апиын көкнәрі мен 2 түп қарасора тәркіленді. Олар гидропоника әдісімен өсірілген. Сонымен қатар 2 келі кептірілген марихуана табылды», – делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды облысында есірткі сатумен шұғылданған үш азамат тұтқындалған. Олардың екеуі Саран қаласының азаматтары.

«Есірткі заттары Қазақстанның оңтүстік аймақтарында өсіріліп, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау мен Сарань қалаларында сатылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6 келі гашиш пен 52 келі марихуана заңсыз айналымға жіберілмеді», – деп қосты ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Қазір іс сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде