jasqazaq.kz

Қызылордада қайын атасын өлтірген келін сотталды

19 желтоқсан 2018, 17:40

Қызылордада келіні алпыстан асқан қайын атасын өлтірді. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталмыш қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бұл отбасында кикілжің орын алған. Жасы алпыстан асқан қария отбасылық кикілжіңде келінінің бетінен шапалақпен тартып жіберіп, бөлмеден шығып кеткен. Ашуға берілген келін қайын атасынан есе қайтаруға тырысады. Сол ашумен ол кісінің бөлмесіне барады. Бұл сәтте қайын атасы етпетінен ұйықтап жатыр еді. «Келіні қайын атасының арқа тұсынан екі мәрте пышақты тығып алады. Сол жақ жауырыны мен омыртқа тұсынан жарақат алған азамат ауруханада көз жұмды», — делінген Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді. Одан басқа сотталушыға жазамен бірге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды. Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада жолаушылар автобусының жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық