jasqazaq.kz

Қызылордада екі автобус жарысып, жолаушыны қағып кетті (видео)

29 наурыз 2018, 11:45

Қызылорда қаласының тұрғындары жантүршігерлік жол апатының куәсі болғанын айтты. Куәгерлердің айтуынша екі қоғамдық көлік жарысып келіп, жолаушыны қағып кеткен. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға кеше, Қызылорда қаласының орталығындағы Әйтеке би көшесінің бойында орын алған. Онда 15 және 21 нөмірлі қоғамдық көліктері бірінен-бірі озбақ болып, қатты жылдамдықпен жүрген. Нәтижесінде жол бойындағы адамды қағып кеткен.

Видеожазбада әйел адамның жерде ес-түссіз жатқанын байқауға болады. Оның жанына үймелеген халық «қоғамдық көлік жүргізушілерін жазалау керек» дегенді айтуда.

Қызылорда қалалық ІІБ жол-көлік оқиғасының болғанын растап отыр. Алайда жәбірленушінің қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

https://youtu.be/Fg2s_X5JSag

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде