jasqazaq.kz

Қызылордада демалыс орнына келушілерге жезөкшелік қызмет ұсынғандар анықталды

23 қыркүйек 2021, 18:05

Қызылорда қаласындағы демалыс орындарына келушілерге жезөкшелік қызмет ұсынғандар анықталды.

Қызылордалық жедел уәкілдер жеңгетайлық кәсіптің жолын кесті. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында қала орталығында орналасқан 3 демалыс орнының бірінен жезөкшелік қызмет көрсетілетінін анықтады. «Полицияға аталған қоғамдық орын клиенттеріне жезөкшелік қызмет ұсынылады деген хабар түскен еді. Тексеру шарасы барысында аталған ақпарат расталды. Бұл бойынша полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық бойынша деректі тіркеді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайларын анықтауда. Қазіргі уақытта ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Ал жезөкшелікпен айналысқан әйелдер тіркеуге алынды», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия