jasqazaq.kz

Қызылордада бір үйдің екі баласы суға кетті

19 наурыз 2021, 10:16

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 2 жасөспірім көлдегі суға батып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 18 наурызда сағат 12:45 шамасында болған. Сол уақытта Шиелі аудандық полиция бөліміне хабар келіп түскен. Аудандық жедел жәрдем бөлімі мамандары телефон арқылы оқиға барысы жөнінде хабарлаған. Онда Шиелі кенті Н.Бекежанов көшесінде тұратын 2 жасөспірім баланың көлдегі суға батып қайтыс болғаны туралы айтылған. «Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып тексеру жүргізді. Зерттеу барысында 2013 жылғы ұл бала мен 2015 жылғы туылған қыз баланың үйіне 5-8 метр жерде орналасқан «Сүйіндік» қөлінің үстіндегі мұзда ойнап жүріп, суға батып қайтыс болғаны анықталды. Жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта тұрғындар судан мәйіті (киіммен) шығарды. Қайғы жамылған отбасына аудан әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады», — деп мәлім етті Шиелі аудандық әкімдігінен.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия