jasqazaq.kz

Қызылордада атыстан зардап шеккен жігіт көз жұмды

28 наурыз 2018, 10:16

Қызылордада атыстан зардап шеккен жігіт көз жұмды.  «Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Дереу қабылдау бөлімінен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Сол мезетте «іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалуы. 4 дəрежелі геморрагиялық шок» деген диагноз қойылды. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Алайда, көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан жарақаттанған азамат 27 наурыздың кешінде көз жұмды»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Еске салайық, бүгін. 27 наурызда Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14.50 шамасында Әйтеке би көшесінде жастар арасында қақтығыс болған. Нәтижесінде 1 адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдеді. «ҚІІБ кезекші бөліміне Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында бұзақылық болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекеті анықталды. Нәтижесінде қаланың 1 тұрғыны дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа (ОМО) жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабы, 3-бөлігі, «бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда, күдіктілер, бұзақылық әрекеттің мүшелері ҚІІБ жеткізілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланыстыолар туралы мәліметтер жария етілмейді», — деді брифинг барысында ОІІД бастығының орынбасары Анарбаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде