jasqazaq.kz

Қызылордада арнайы операция өтті (Видео)

02 қараша 2021, 11:57

Қызылордалық полицейлер арнайы операция кезінде есірткі притонын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 қазан күні Қызылорда ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлерімен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында 68 жастағы қызылордалық өзінің тұрғылықты мекенжайында үш сыбайласымен бірге есірткі затын қайнату арқылы «экстрациялық апиынды» дайындап, тамыр арқылы егіп, тұтыну үшін притон ұйымдастыру үстінде құрықталды.

Мекенжайына қарап-тексеру кезінде айғақты заттар – есірткі заты қайнатылған ыдыс-аяқтар, шприцтер заттай дәлелдеме ретінде алынды. Ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды және ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді