jasqazaq.kz

Қызылордада «антикорда істеймін» деп жалған куәлікпен жүрген тұрғын ұсталды

04 мамыр 2022, 11:51

Қызылордада жалған қызметтік куәлікпен жүрген 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамерасы қаладағы орталық көшелердің бірінде автокөлік иесінің жол ережесін бұзғанын анықтады. Бұл бойынша полицейлерге бағыт-бағдар беріліп, көлік тоқтатылды.

«Патрульдік полиция қызметкерлері көлік иесін тоқтатқан сәтте жүргізуші өзін «Антикордың қызметкерімін» деп таныстырып, қызметтік куәлігін ұсынған. Тексеру барысында қызметтік куәліктің жалған екендігі анықталды. Айғақты заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігімен тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», — деп мәлім етті басқармадан.

Ведомство мәліметінше, аталған жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр